10-04-24 |
3560 рет қаралған
Павлодарда жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Павлодарда жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 га жайылымды негізсіз беру фактісін анықтағандарын мәлімдеді.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берген.

«Облыстың МАЭС шешімімен Департаменттің талап қоюдан бас тартылды. Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған», – делінген хабарламада.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды, құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.