Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңды екінші оқылымда қабылдады. Бірінші оқылымда заң жобасын депутаттар 2022 жылдың сәуірінде мақұлдаған болатын.
Заң кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін сотталғандардың Қазақстанға кіруіне, сондай-ақ Қазақстан азаматтығын қабылдауына шектеу қояды.
Сонымен қатар, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.