Полицейлер мен еріктілер сайлау алдында қала тұрғындарының пәтерлерін аралап, тізім жасап жүр. Кейбір азаматтар оларға керекті мағұлматты айтса, енді бірі есіктерін ашпай қойған. Заңгерлер саяси науқан алдында мұндай әрекет заңға қайшы екенін айтады. Ал, елорда әкімдігі бұл шара сайлаушылардың тізімдерін жаңарту мақсатында өткізілуде дейді. Сонда кімдікі дұрыс? Еріктілер жинаған жұрттың жеке мәліметтерін әкімдік қайтпек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Үй-үйді аралап жүрген, еріктілер тұрғындардан жеке мәліметін сұрап жүр. Видеоны түсірген азамат, оны айтудан бас тартқанда, студент қыз қорқыту мақсатында ма, әлде өзінің жалғыз емес екенін көрсету үшін бе, есік артында тұрған полицияны шақырып келеді.
Осылайша, 800-ге жуық ерікті пәтерлерді аралап, тұрғындардың жеке мәліметтерін жазып алып жүр. Яғни аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі деген секілді. Олардың 400-і Елордадағы жоғары оқу орнының студенттері болса, 400-і полицейлерден құралған.
«Уақытымыз аз. Ол азаматтардан сұрап жатқанымыз, 23.00-ге дейін өз есіктерін ашып мәліметтерін берсе. Көп үйлерде КСК-лар бар. Соларға барып солармен де жұмыс істейміз. Егер КСК өкілдері жоқ 22-00 де келмеңіздер, у-шу шығармаңыз десе, болады. Жүйелі түрде жұмыс істейміз»,-дейді қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов.
Әкімдік өкілдері еріктілер тұрғын үйлерді аралап жұрттардың жеке мәліметтерді алудан бөлек, сайлаушыларға дауыс беру ережесін түсіндіретінін айтады. Ал тұрғындар болса, еріктілер аты-жөніміз бен жеке сәйкестендіру нөмірімізді жазып алып, кетіп қалды, дейді.
Заңгер, әлеуметтік желінің белесенді қолданушысы Жангелді Сүлейменов өз парақшасында сайлаушылардың тізімдерін жаңарту мақсатында үйді аралау заң бойынша қарастырылмаған деген пікір білдірген. Ал Елордадағы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Бекбосынов еріктілер сайлаушыларға дауыс беру ережесін түсіндірмей, тек жеке мәлімет жинауы, ұйымдастыру жұмыстарында жіберілген үлкен қателік, дейді.
«Жас студентерге мәлімет беріп, жұмыстар жүргізілмеген. Олар не талап ету керек, халықтан не сұрау керек? Одан қалды олардың міндетіне не кіреді? Ол әрине, жоғары жақтан ұйымдастырып отырғандардың қателігі. Олардың міндетіне кіретіні, мәденетті түрде, халықпен кездесіп, үй-үйлерді аралап, өзінің не себепті жүргенін айтып беріп, өздерінің құжаттарын көрсетіп, мәлімет жинау»,-дейді заңгер Абзал Бекбосынов.
Әкімдік дерегінше қазір елордада 600 мыңға жуық сайлаушы бар екен. Заң бойынша, дауыс беруге құқықтылардың нақты саны саяси науқанға дейін екі күннен кешіктірілмей белгілі болуы керек дейді мамандар. Ал еріктілер ешқандай мәлімет бермесе, сайлаушы қандай учаскеге барып дауыс беретінін анықтау үшін Ай-Көмек бірыңғай байланыс орталығы, болмаса Смарт-Астана мобильдік қосымшасы, әкімдік сайты сынды ресурстарды пайдалануға болады.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024