Президент Қ.Тоқаев Алматыдағы №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев ісінің анық-қанығын білуді және назарда ұстауды президент әкімшілігіне, денсаулық сақтау министріне, Алматы қаласы әкімшілігіне тапсырды.
Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. әкімінің бақылауында.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 25, 2019
Бұған дейін Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев өз жұмысын кәсіби тұрғыда атқара алмаған деген күдікпен тұтқындалғаны мәлім болған. Бас дәрігер Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлының қазасынан соң тергеуге алынған. Тезекбаевқа араша түсіп оның әйелі Дина Тезекбаева президентке хат жазған, мәселені бақылауына алуын сұраған. Дәрігердің әріптестері де оған араша сұраған. БАҚ мәліметіне қарағанда, Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаев шілде айында жол апатына түсіп, оны әуелі №7 қалалық ауруханаға апарып, кейін №4 қалалық ауруханаға жеткізген. Осы жерде науқасқа ота жасалған. Кейін Н.Күдебаевты емдетуге Германияға алып кеткен. Ол сол жақта көз жұмған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024