Қасым-Жомарт Тоқаев енді Қазақстанда рұқсат етілмеген наразылық акцияларын ұйымдастыру әрекетіне құқықтық баға берілетінін ескертті.
«Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» заң қабылдадық. Кім не десе де, бұл – демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Заңда барлығы жазылған. Наразылық акцияларына шықпас бұрын ресми түрде рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Дегенмен осындай болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осындай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуртураның міндеті – азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау», – деді мемлекет басшысы.
«Шын мәнінде ана дегеніміз – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы аналарымыз заңсыз ерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр», – деді Тоқаев.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024