20-01-25 |
570 рет қаралған
Прокуратура 2024 жылы ең көп қылмыс жасалған өңірлерді атады.
Прокуратура 2024 жылы ең көп қылмыс жасалған өңірлерді атады

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.

«Ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % – мал ұрлығы (1 051), 0,4 % – адам өлтіру (566), 0,3% – зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462)», – делінген хабарламада.

Онша ауыр емес қылмыстар -7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр – 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, ұрлық – 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді.

Сондай-ақ мал ұрлығы да – 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.