Камералдық бақылау барысында Павлодар Мемлекеттік кірістер басқармасы «Колос» ЖШС контрагенттермен жалған мәмілелер бойынша 99 млн теңгеге КТС төлеуден жалтару фактісін анықтағанын мәлімдеді.
Басқарма ЖШС мекенжайына хабарлама шығарды.
«ЖШС талап қоюы бойынша сот жалған шот-фактуралар жазған контрагентке қатысты үкімнің жоқтығына сілтеме жасай отырып, әкімшілік актінің күшін жойды. Бұл ретте сот контрагент басшысының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сот есі дұрыс емес деп танығаны назарға алынбайды», – делінген хабарламада.
Облыс прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық саты ЖШС талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шығара отырып, сот шешімінің күшін жойды.
Осылайша, прокурорлық ден қою шараларымен 99 млн. теңгеге бюджет шығынының алдын алынды.