04-05-24 |
37240 рет қаралған
Прокурорлардың араласуынан кейін кәсіпкерлерге 80 млн теңге қайтарылды.
Прокурорлардың араласуынан кейін кәсіпкерлерге 80 млн теңге қайтарылды

Жетісу облысында прокурорлар 50-ден аса  кәсіпкерлердің құқығын қорғап, орындалған келісім-шарттар бойынша оларға тиесілі қаражатты қайтаруға қол жеткізді.

 Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалары кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс болатын.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін уақтылы орындағанымен, 80 млн теңге көлемінде тиісті соманы қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылып, заң бұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.