arasha.kz

Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы ІІМ Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қозғалды

Қанды қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің екінші толқыны басталды. Тергеуге бұрынғы Ішкі істер министрінен басқа Талдықорған қаласының бұрынғы полиция бастығы Асқар Нұрсапа, Қарасай аудандық полициясының бұрынғы бастығы Болат Тотыбаев және тағы басқалары ілінді. Тергеу басталғаннан кейін Тотыбаев қашып кеткен, болжам бойынша Қазақстаннан шығып кеткен.

Бұрынғы министрге қатысты іс 361 баптың 1 тармағы бойынша (Билікті асыра пайдалану) қозғалған, деп жазды Orda.kz.

Бас прокуратура облыстар мен қалалардың барлық прокуратураларына 2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша облыстардың, қалалардың және аудандардың барлық полиция басшыларынан жауап алу туралы ұйғарым жіберген.

Алматы қалалық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов үкімет сайтында Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы ретінде көрсетілгенімен, өз еркімен зейнеткерлікке шығып үлгерген.

Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанында билік ауысарда Ішкі істер министрі болып тағайындалды, ал 2022 жылдың ақпанында қанды қаңтардан кейін қызметінен босатылды. Алайда генерал-лейтенант өз орнын сақтап қалды және қызметінен босатылғаннан кейін бірден президенттің кеңесшісі болды, ал 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымындағы тұрақты өкілінің біршама құрметті лауазымына ие болды.

Осы аптада Талдықорғанның төрт, Алматының үш полицейі қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін кінәлі деп танылғаны белгілі болды. Бұл істер бойынша сот отырысында бұрын белгісіз жайттар анықталып, Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болған болуы мүмкін.

Exit mobile version