arasha.kz

Қарағанды облысында әкімдік бухгалтері сотталды

Условия УДО для Куандыка Бишимбаева объяснила вице-министр юстиции.

Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептеген. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.

Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеген.

«Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Exit mobile version