arasha.kz

Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті

Подозреваемый в мошенничестве экстрадирован из Беларуси в Казахстан

Мәжіліс депутаттары 2024 жылы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған Қатар мемлекетімен арадағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады. Ол екі елдің құзырлы органдары арасындағы адамдарды қылмыстық қудалау үшін ұстап беру мәселелері бойынша құқықтық қатынастарды реттейді.

Құжат ұстап берудің және одан бас тартудың негіздерін анықтайды, сондай-ақ ұстап берудің шарттары мен тәртібі, оны кейінге қалдыру және уақытша беру туралы ережелерді қамтиды. Әр тарап өз азаматтарын ұстап беру мәселесін қарастырмайды.

Іздеудегі адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері реттеледі.

Келісімді ратификациялау тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтып, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етудің тиімділігін арттырады.

Exit mobile version