31-10-24 |
4280 рет қаралған
Қазақстанда 1085 шетелдік жазасын өтеп жатыр.
Қазақстанда 1085 шетелдік жазасын өтеп жатыр

Қазақстанның түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 1085 шетел азаматы бар. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Сенат депутаттары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады. Бұл Вьетнамда сотталып, түрмеге жабылған қазақстандық азаматтарға жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады», – деді Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай.

Сенаторлардың сұрақтарына жауап берген Қойгелдиев қазіргі таңда Қазақстандағы түзеу мекемелерінде 1085 шетелдік бар екенін айтты. Сотталғандардың басым бөлігі ТМД елдерінен: Өзбекстаннан – 527, Ресейден – 234. Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары да жазасын өтеп жатыр.

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан вьетнамдықтар жоқ, Вьетнамда да жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар жоқ, деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.