arasha.kz

Қазақстандағы БАҚ-тың сөз бостандығы 155 орынға әрең көтерілді

Қазақстандық БАҚ-тың сөз бостандығы әлемдік рейтингте 155-ші орыннан көрінді.

«Шекарасыз репортер» халықаралық ұйымы сөз бостандығының рейтингісі бойынша жылдық қорытындыдан мәлімет жариядады.

2020 жылы Қазақстан 157-орынға жағасқан еді, ал енді екі пунктке 155-орынға ғана көтеріле алған.

ТМД елдерінде Өзбекстаннан басқа, баспасөз бостандығының жағдайы Беларусьта (158-орын), Тәжікстанда (162), Әзірбайжан (167) және Түркіменстанда (178) нашар. Көштің соңында қалғандар қатарында Ресей де бар, оның позициясы Қазақстанға қарағанда сәл жоғары – 150-орын. Бұрынғы КСРО-ның басқа елдері рейтингтің алғашқы жүздігіне кіреді.

Норвегия әлі де баспасөз бостандығы бойынша елдердің көшбасшысы мәртебесінде нық тұр, екінші орынды былтырғыдай есеппен Финляндия сақтап қалды, бірақ 2020 жылы үшінші орынды иеленген Дания бұған дейін төртінші орында тұрған Швецияны алға шығарды. Алғашқы ондыққа Коста-Рика (5), Нидерланды (6), Ямайка (7), Жаңа Зеландия (8), Португалия (9) және Швейцария (10) кірді.

«Қазақстан рейтингте екі орынға көтерілгені жақсы нәтиже болса да, әлі де «нашар» аймақта тұрғаны көңіл көншітпейді. Айта кетейік, өткен жылы 180 ел арасында 157-ші орынға шығып, биыл 155-ші орынға жайғастық. Осы қарқынмен «қиындықтары бар» ел қатарына кіру үшін қанша жыл керек болады?, – деп пікір білдірді «Әділ сөз» халықралық қоры.

Exit mobile version