14-12-21 |
1990 рет қаралған
Қазақстанның бес өңірінен есірткі қылмысына қатысты бес адам ұсталды.
Қазақстанның бес өңірінен есірткі қылмысына қатысты бес адам ұсталды

Қазақстанның бес өңірінде есірткіні көтерме таратушылар желісі жойылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бес өңір мен арнайы бөлімше полиция қатысуымен ауқымды арнайы операция өткізді. Нәтижесінде есірткіні көтерме таратушылар желісі жойылды, заңсыз бизнеске қатысқан 10 адам ұсталды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков қылмыстық топ қараша айының басында көзге түскенін айтады. Ресейден келген фигуранттардың біріне жүк тасымалы арқылы есірткі өндірісі үшін пайдаланылуы мүмкін прекурсорлар берілгені анықталды. Тапсыру кезінде қылмыстық топтың екі қатысушысы жүкті қабылдаған адам және жүк тасымалдау құжаттары ресімделген адам анықталды. Әрі қарай оларды бақылау тәулік бойы жүргізілді.

Мәліметтерге сәйкес, әртүрлі жасырылған жерлерде мефедронның бір реттік дозасы бар 165 түйіншек, 450 грамм альфа-PVP және 300 грамм мефедрон табылды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қалада жалпы салмағы 200 грамм болатын мефедронның тағы 6 жаырылған жері табылып, тәркіленді. Қылмыскерлерден барлығы 2,5 келі жуық синтетикалық есірткі алынды.

“Барлық ұсталғандар қамауға алынды және оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, аса ірі мөлшерде, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу) бойынша қылмыстық істер қозғалды”, – деді  Ерлан Омарбеков.

Егер сотқа дейінгі іс жүргізу барысында барлық қылмыскерлердің ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденсе, ұсталғандарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төнетін болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.