29-02-24 |
6920 рет қаралған
«Қазарнаулыэкспорт» РМК басшысы Аршат Аяғановтың ұсталды.
«Қазарнаулыэкспорт» РМК басшысы Аршат Аяғановтың ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғанов пен өзге де тұлғалардың ұсталғаны туралы хабарлады.

Олар 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Олар бұл ақшаны әскери және әскери-техникалық тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік сатып алу кезінде иемденіп, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтерген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қамтамасыз ету үшін құрды. «Қазспецэкспорт» РМК қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүлікті әкелумен және экспорттаумен айналысады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.