arasha.kz

ҚазҰУ-дың заңсыз басып алынған жерлері мемлекетке қайтарылды

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕ АҚ-ның  шағымы негізінде Алматы қаласы бойынша Жер ресурстарын басқару комитеті жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алудың және кейіннен оның жеке меншікке берілу заңдылығына тексеріс жүргізді.

Тексеру кезінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 43, 48, 84-баптарын бұза отырып, Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2007 ж. мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер учаскесін алып қою туралы қаулысын және әкімдіктің 02.10.2007 ж. кадастрлық нөмірі 20-313-009-029 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы қаулысын қабылдағаны анықталды.

Нәтижесінде әкімдік пен Басқармаға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан

Департамент 01.12.2023 ж. Алматы қаласы МАЭС-на кадастрлық нөмірі 20-313-009-029 жер учаскесі бойынша құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдады.

Алматы қ. бойынша МАЭС-ның 09.04.2024 ж. шешімімен Департаменттің талап–арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының 26.06.2024 ж. қаулысымен Алматы қ. бойынша МАЭС-ның шешімі өзгеріссіз, жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Exit mobile version