19-06-24 |
11270 рет қаралған
Қорғаста багаж терминалы сатылып кеткен.
Қорғаста багаж терминалы сатылып кеткен

2018 жылы 900 м2-ден асатын «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылып кеткен. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

«Кейіннен 2023 жылы оның астындағы 1,9 га жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып-алу шарты жасалған.Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген», – делінген хабарламада.

Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған.

Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді. 

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19.03.2024ж.заңды күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылды, шарттар жарамсыз деп танылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.