arasha.kz

Қоспаев бастаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Астана соты Елдос Коспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) ісі бойынша 11 айыпталушыға үкім шығарды.

Процесс 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, жабық режимде өтті. Барлық айыпталушылар рейдерлік, ұрлық, ҰҚТ құру және оған қатысу сияқты қылмыстар бойынша кінәлі деп танылды. Олардың біреуі зорлау ісі бойынша сотталды.

Жаза мерзімдері:

Елдос Коспаев – 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Оның інісі Айдос Коспаев – 12 жыл бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Руслан Шалин, Ерлан Имашев, Дастан Әбіжанов, Камардин Алымов, Рауан Бабаев, Алексей Кузнецов, Тимур Танашев – 12 жыл.

Оксана Кудряшова – 10 жыл, оған бухгалтер болып жұмыс істеуге тыйым салынды.

Василий Бабушкин – 9 жыл, оларға да алкоголь өнімдерін сатумен айналысуға тыйым салынды.

Тәркіленген мүлік:

Тергеу барысында ҰҚТ-ның қылмыстық жолмен тапқан мүлкіне тыйым салынды:

133 жылжымайтын мүлік нысаны

11 жер телімі

35 люкс санатындағы көлік

9 миллион доллар қолма-қол ақша

Коспаевтар ҰҚТ-сы кәсіпкерлердің мүлкін күш қолдану және қорқыту арқылы тартып алып, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

AV Construction компаниясын рейдерлік жолмен басып алу:

Елдос пен Айбек Коспаевтар Болат Назарбаевтың қызы Күндузбен бірге AV Construction компаниясының құрылтайшыларының қатарында болған. Ал бұрынғы меншік иелері қорқыту және шантаж арқылы компаниядағы үлестерінен айырылған.

Кипрден экстрадициялау:

Коспаевтар мен ҰҚТ мүшелері қылмыстық қудалаудан қашып, Солтүстік Кипр аумағында жасырынбақ болған. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) арнайы операциясы нәтижесінде олар Қазақстанға қайтарылды.

Exit mobile version