arasha.kz

Қостанай облысында блок-бекетті бұзып өтпек болған жүргізуші тұтқындалды

Октябрьское ауылында Ақмола облысында 600 метрлік су тасқынына байланысты орнатылған бақылау бекетінен 2 Mitsubishi көлігінің жүргізушілері өтпек болған. Көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылған.

«Жүргізушілердің бірі полицейлердің заңды талабын елемей, қызметтік көлікті соқпақ болды. Жүргізуші заңға бағынбағаны үшін сот 5 күн қамауға алу жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5 сәуірден бастап осы ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.

Exit mobile version