ҚТЖ басшылығының Қостанай өңіріне жұмыс сапары кезінде Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін Қостанай станциясының бастығы және Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры шаруашылықтарды тиісінше деңгейде ұстамағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.