15-03-24 |
4200 рет қаралған
ҚТЖ-ның бұрынғы қызметкері әріптестерінен ақша жинап, қашып кеткен.
ҚТЖ-ның бұрынғы қызметкері әріптестерінен ақша жинап, қашып кеткен

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы қызметкері қайтыс болған жұмысшыға көмек жинаймыз деген желеумен әріптестерінің ақшасын жымқырған. Бұл туалы Өскемен қаласының No2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың ақпан айында «ҚТЖ-ГП» ЖШС филиалы – Семей филиалы – Өскемен пайдалану локомотив депосының бұрынғы бастығы Г.П. қайтыс болған қызметкердің туыстарына көмек көрсетуге қаражат жинау сылтауымен әріптестерінен жиналған 1 миллион теңгені ұрлап кеткен. 2023 жылдың сәуір айында аудиторға ақша жинаймыз деген желеумен қызметкерлерден 613,5 мың теңгені алып кеткен.

Өткен жылдың мамыр айында бұрынғы басшы азамат Т-дан 1,5 миллион теңгені иемденіп алған, азамат Н.-ның араласуымен азамат Р. мен азаматша А.-дан 1,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденген.

Сот ҚТЖ-ның бұрынғы қызметкерін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.