Алқабилердің үкімі Қуандық Бишімбаевты әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін, ал туысы Бақытжан Байжановты істі жасырғаны үшін кінәлі деп тапқан болатын.
Дегенмен, Байжанов 2023 жылғы 9 қарашадағы әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп есептеп, ақтауды талап етуде.
Бишімбаев айыптың 99-бабынан («Аса қатыгездікпен кісі өлтіру») 106-ға («Өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қайта қарауды, жазаны жеңілдетіп, істі жаңадан сот талқылауына жіберіп, үкімнің күшін жоюды сұрауда.
13 мамырда Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталып, 24 жылға, Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Бұрынғы министрдің соты бұған дейін тікелей эфирде өткен еді. Осы жолғы аппеляциялық іс те тікелей эфирде қаралып жатыр.