«Joint Technologies» ЖШС-не түрлі ереже бұзушылыққа қатысты екі айыппұл салынды, оның жалпы соммасы 2 млрд теңге. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.
Облыс прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Joint Technologies» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-Парк) үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді. Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.
«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің құрылтайшылары «Joint Technologies», «Атырау МӨЗ» ЖШС және «Көксеңгір» ЖШС болып табылады.
«Joint Technologies» компаниясы Раушан Сағдиева мен Кипрос компаниясына тиесілі. Кипрос компаниясының иесі Тимур Құлыбаев.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024