arasha.kz

Қылмыс әлемінің серкесі 12 жылға сотталды

2024 жылдың тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды.

ҰҚК мәліметінше, ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде.

Жалпы, ү.ж. басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

«60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Exit mobile version