Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Думан Ерханатқа қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот процесі ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жабық режимде өтті.
Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерханат зорлау бойынша кінәлі деп танылған болатын (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі).
Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған.
Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерханаттың кінәсі дәлелденді деп таныды.
Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады.
Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.