
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды.
«Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады», – делінген ақпаратта.
Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша аудару үшін ақша алған.
Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.
Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025