27-01-21 |
1980 рет қаралған
Қызылордалық судья бұрынғы күйеулерін әкелік құқығынан заңсыз айырды деген күдікке ілінді.
Қызылордалық судья бұрынғы күйеулерін әкелік құқығынан заңсыз айырды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрағасы бұрынғы күйеулерін әке болу құқынан заңсыз айырды деген күдікке ілікті. Бұл туралы Arasha.kz хабарлайды.

«Арал аудандық сотының төрағасы заңды некедегі жұбайымен ажырасып, облыстың танымал кәсіпкеріне тұрмысқа шықты. Судья қызды болды, оның биологиялық және заңды әкесі танымал кәсіпкер, яғни сот төрайымының екінші күйеуі. Біраз уақыттан кейін ол облыстың тағы бір кәсіпкеріне тұрмысқа шығады. Бірінші кәсіпкерді әкелік құқығынан айырады, қыздың әкесі оны білмейді. Келесі күйеуі қызының әкесі болған»,- деп қоғам белсендісі Әсемгүл Қадырхан желідегі парақшасына жазды.

Желідегі жазбада аудандық сот судьясының үшінші жолдасының қайтыс болғаны жазылған. Еске салғандай, ол аймақтағы ірі кәсіпкер.

«Сәйкесінше, мұра талап етеді. Осы уақытта, яғни 2020 жылдың аяғында, екінші күйеуі, баланың заңды әкесі, өзінің әкелік құқығынан айырылғаны туралы біліп, балаға деген заңды құқығын қалпына келтіруді талап етіп, сотқа жүгінді. Жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Бұл оқиғада алданған адамдар, бүлінген тағдыр, бұзылған отбасылар, күйеуі мен балаларын «жоғалтқан» әйелдердің қиын жағдайы, ажырасу салдарынан әкесіз өскен балалар тағдыры бар. Ең сорақысы – осындай заңсыздықтардың сот жүйесінде болып жатқаны»,- дейді қоғам белсендісі.

Белгілі қазақстандық қорғаушы Абзал Құспан Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтан сот жүйесін тазартуды сұрады.

«Сізге, Жоғарғы Соттың төрағасы ретінде, Қызылорда сот жүйесіне назар аударып, тәртіп орнататын кез келді деп ойламайсыз ба? Егер Шиелі аймағындағы жағдай халықаралық деңгейде талқыланса, не болады? Бірнеше отбасының тағдырына қатысты Қазақстан Республикасы атынан өз пайдасына шешімдер қабылдайтын әйел судья туралы не айтар едіңіз? Сіз бұған дейін олардың бірін Арал аудандық сотының төрағасы етіп тағайындағансыз. Қарапайым халыққа жоғарыдан қарайтын мұндай судьялардан құтылатын кез келді»,-дейді Абзал Құспан.

Дереккөз: Kaztag.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.