Біздегі 30 жылдық тәжірибеден кейін алдағы сайлау мүлтіксіз, демократияға толықтай сай келеді деп айта алмаймыз. Деседе, алдағы сайлау жаңаша түрде өтеді. Бұл жөнінде саясаттанушы Расул Жұмалы «Президенттік сайлау-2019: алдағы науқанның ерекшеліктері» атты конференцияда айтты, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бірінші президенттің өз өкілеттілігін тоқтатуы себепті жаңа бір толқынның, жаңа түсініктердің пайда болды. Оның қатарында президентке тіл тигізбеу деген мәселелердің алынуы. Президенттің де осы қоғамның мүшесі екендігі, билікке деген көзқарастың өзгеріп келе жатқаны жағымды үрдіс.
«Соңғы президент сайлауларында халықтың 95% қатысты дегендей айтылды, бұл еш сын көтермейтін мәлімдеме. Мысалы, соңғы Украинадағы тарысты, қызықты сайлауға халықтың 61-63% ғана қатысқаны айтылды. Егер бізде 50-60 пайызға жетіп қалса оның өзі жаман болмас еді»,-дейді ол.
Сонымен қатар ол, қазір көптеген жаңа өзгерістер енгізіліп жатқанын, алайда оған билік қаншалықты дайын дгеен мәселе төңірегінде ой қозғады.
«Тоқаев жақсы идеяларды көтеріп жүр, бірақ биліктің өзінде қаншалықты бірауыздылық бар. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне кепілдік беремін деді. Оның үстіне Жастар жылын жақсы сөз етіп, екінші жағынан билік өкілдері сол жастарды қамауы біркелкі саясаттың қаншалықты жүргізіліп отырғанын көрсеткендей. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының өзі бұл сайлаулар Украинаны жалғастырмайды, ондағы жағдайлар бізге керегі жоқ дегені әлі де ескі сарынның басып тұрғанының көрсеткіші»,-дейді Расул Жұмалы.
Сөз арасында ол, билік емес, қоғамның өзі ұсынған кандидаттарының шығып отырғаны дұрыс жағдай екенін, бірақ билік өкілдері бұрынғыдай жеңіл жолды таңдап кетпеуіне кім кепіл деген ойын білдірді. Оның ойынша, билік түрлі сылтаулармен мықты бәсекелестерді алып тастап, баяғыша жеңіл жолды таңдап кетуі де мүмкін.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024