Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы бірнеше мобильді полиция посттарын ескертусіз барып, тексеріп шыққан. Сөйтсе, посттардың көбінде ешкім болмаған, тек жарығы жанып тұрған. Ал кейбір постарда кезекші полицейлердің орнында постқа жақын маңдағы сауда үйлерінің күзетшілері отырған. Қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікке салғырт қарағаны қала әкіміне ұнамаған. Сөйтіп ол қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасап, Медеу, Алмалы, Жетісу, Бостандық ауданы полиция бөлімшелерінің басшыларына сөгіс жариялауды тапсырған.