10-04-24 |
3930 рет қаралған
Саран тұрғыны сепаратизм үшін 5 жылға сотталды.
Саран тұрғыны сепаратизм үшін 5 жылға сотталды

Саран тұрғыны ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ Қазақстанның аумақтық тұтастығына да қарсы екенін айтқан.

Саран қаласының тұрғыны сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін 5 жылға сотталды. Ер адам «Рулетка» чат алаңындағы онлайн сұхбатында Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы сөйлеген, сонымен қатар жекелеген ұлт өкілдеріне қатысты теріс пікірлер айтқан. Әңгіме барысынан түсірілген жазба интернетте тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Полицейлер ер адамды тауып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174 және 180-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» және «сепаратистік әрекет» бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.