фото: pixabay.com
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты бас прокуратура тексеріс басталғанын хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында авторы саунада судья мен прокурордың қатысуымен болғаны туралы бейнежазба таратылуда.
Аталған факті бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаментімен тексеру жүргізуде.
Тексеру аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасамауды сұраймыз.
Оның нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады» деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бір ер адам сауна түсіп жатқанын әрі онымен бірге судья мен прокурор да бар екенін айтады. Видео тез тарап, қызу талқыланып жатыр.
Елде төтенше жағдай болғандықтан демалыс және көңіл көтеру орындары жабық екені белгілі. Бұған дейін төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылатыны жайлы билік бірнеше рет ескерткен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024