
Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Қазақстан Республикасының азаматы Бияш Серікжан ұсталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Бұған негіз болған Бияш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» – соғысқа шақыруы.
Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды.
Бияш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499 2019 жылғы 5 наурыздағы қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр.
Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.
Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Бияш Серікжанға қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025