Шаңырақ ісі бойынша 18 жылға сотталған ақын Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан бүгін Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында акция өткізіп, әкесіне бостандық беруін талап етіп, Арон Атабектің өлеңін оқыды. Арада жиырма минут өткенде полиция Айдана Айдарханды ұстап кетті.