Біз
әлеуметтік
желіде
29-05-25 |
640 рет қаралған
Шерзат Полаттың отбасы моралдық шығын сомасын жариялады.
Шерзат Полаттың отбасы моралдық шығын сомасын жариялады

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында Талғар қаласында болған. Айыпталушылар орнында тоғыз адам бар, олардың бірі кәмелетке толмаған.

Бүгін сот отырысында марқұмның отбасының адвокаттары айыпталушылардан талап етілетін моральдық шығын сомасын жариялады.

Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, марқұмның отбасы мынадай азаматтық талаптар қойған:

  • Абзал Шынасылдан Шерзаттың әкесінің пайдасына — ұлынан айырылуға байланысты шығындарды өтеу ретінде 2 794 000 теңге;
  • Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Шерзаттың әкесіне — әрқайсысынан 50 миллион теңгеден моральдық зиян үшін (барлығы 100 миллион теңге);
  • Осы екі айыпталушыдан Шерзаттың анасының пайдасына — әрқайсысынан 50 миллион теңгеден (барлығы 100 миллион теңге);
  • Солардан Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыроваға — әрқайсысынан 50 миллион теңгеден (барлығы 100 миллион теңге);
  • Дархан Әскентай, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиасов, Дидар Қалиахмет, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтардан — әрқайсысынан Шерзаттың әкесіне 20 миллион теңгеден;
  • Осы алты айыпталушыдан Шерзаттың анасы мен әжесінің пайдасына да — әрқайсысынан 20 миллион теңгеден.

Жалпы талап етіліп отырған өтемақы сомасы 660 миллион теңгеден асады.

Еске салайық, жасөспірім Шерзат Полаттың атышулы өлімі 4 қазанға қараған түні болған еді. Бастапқыда полиция барлық күдіктілер ұсталды деген мәлімет таратты, алайда кейін марқұмның ата-анасы барлық қатысушылардың ұсталмағанын мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.