05-02-20 |
1730 рет қаралған
Шетелден әкелінген көліктер бір жылда 90 мың мәрте жол ережесін бұзған.
Шетелден әкелінген көліктер бір жылда 90 мың мәрте жол ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция Департаменті 2019 жылы шетелдік нөмірдегі көлікпен елорда көшелерінде жүйткігендердің «антирейтингін» жасады. Бұл туралы kolesa.kz жазады.

Нұр-Сұлтанда жол ережесін елемейтіндердің былтырғы көшін Арменияда тіркелген 5-сериялы BMW-ның иесі бастады. 30 жастағы Қазақстан азаматының атына 437 хаттама толтырылды.

Екінші орында тағы бір армениялық көлікпен елорда көшелерін шарлаған 50 жастағы астана тұрғыны тұр. Ол өткен жылы 369 рет жол ережесін бұзған.

Үшінші, төртінші орынды екі бірдей армениялық көлік (Toyota Ipsum және Nissan Tiida) мінген 32 жастағы азамат иеленді. Ол Toyota-мен 72 рет, ал екінші көлігімен 69 рет жол ережесін бұзған. Оның атына толтырылған хаттамалардың жалпы саны — 141.

Ал бесінші орынға шетелдік нөмірдегі Porsche Cayenne тізгіндеп, жол қозғалысы ережесін 74 рет елемеген 29 жастағы астана тұрғыны жайғасты.

Ішкі істер министрлігінің дерегіне қарағанда, қазақстандықтар 2019 жылы шетелдік нөмірдегі автокөлікпен жол ережесін 90 мың мәрте бұзған екен. Жалпы айыппұл сомасы 1.1 млрд теңгеден асады.

Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу туралы ІІМ бастамасынан соң, Армения, Қырғызстан және Ресейден әкелінген көлік иелері әр қалада наразылыққа шықты. Президент Тоқаев ІІМ шетелден әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге алу жөнінде тапсырма берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.