arasha.kz

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы табылды

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді.

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапты.

Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды.

Қала әуежайында пошла жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Exit mobile version