Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады.
Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен, нәтижесінде басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Польшада ұсталды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Айта кету керек, Польша Республикасымен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, күдіктіні экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Польша Әділет министрлігінің арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Польша тарабынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024