Біз
әлеуметтік
желіде
22-05-25 |
70 рет қаралған
ШҚО-да алтынды заңсыз өндірумен айналысқандар ұсталды.
ШҚО-да алтынды заңсыз өндірумен айналысқандар ұсталды

ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген адамдар тобын анықтады.

Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер дрон аппаратын пайдаланып, заңсыз жер жұмыстарын жүргізілген орынды анықтады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында алты адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.

Айта кететіні мұндай заңсыз әрекеттер тек мемлекет экономикасына ғана емес, сондай-ақ өңірдің экологиялық жүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа да елеулі зиян келтіреді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.