arasha.kz

Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды (видео)

Фото: Sputnik Қазақстан

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Джохар Утебеков хабарлады.

«ІІМ тергеушілері Арман Шораевтың үстінен қозғалған «жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық істі тоқтатты.  Тергеу істі тоқтату жөніндегі менің өтінішімді қанағаттандырды» деп жазды ол.

Арман Шораев төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған еді. Кейін кепілхатпен босап шықты. 

Сондай-ақ Арман Шораевтың өзі де қылмыстық істің жабылғанын хабарлап, өзін қолдаған барша адамға алғыс айтты.

 

Exit mobile version