17-07-24 |
22750 рет қаралған
ШҚО экология департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.
ШҚО экология департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Антикор Шығыс Қазақстан облысының бас экологы Мамай Бутабаевқа қатысты тергеуді бастады. Шенеунік 15 шілдеде келісілген 180 миллион параның 10 миллион теңгесін алу кезінде ұсталған.

Басқарма басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шенеунікке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қарап жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Аэроғарыш қорғанысы басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Әлиев те тергеуге алынған болатын. Ал осыдан бір ай бұрын оның орынбасары Рауан Тұраров жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, сотталған болатын.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жүйелі сипат алған сыңайлы. Жыл бойы «Антикор» ведомстволық бағынысты ұйымдардың шенеуніктерін үздіксіз «ұстауда».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.