14-05-24 |
8250 рет қаралған
Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцинацияның 365 фактісі анықталды.
Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцинацияның 365 фактісі анықталды

2023 жылдың басынан бері елімізде қызылша ауруының өршуі тіркелді. Бұл жағдай ЮНИСЕФ есебінде (әлемде Қазақстан Республикасы қызылшамен ең көп ауыратын ел деп саналады) атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларымен қызылша бойынша жағдайды жақсарту үшін бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар қабылданды.

Мұндай инфекцияның алдын алудың тиімді әдісі облыс тұрғындарына вакцина егу болып табылады.

Бұл ретте халыққа вакцина егу мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында халыққа жалған екпе егудің 365 фактісі, екпе алудан медициналық көрсетіліммен негізсіз бас тартудың 55 фактісі анықталды. Сонымен қатар, медициналық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 11 түріне жол берген.

Қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Қызылша ауруының өршуіне жол бермеу үшін азаматтарды екпе шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.