arasha.kz

Шымкентте алимент бойынша борышкер сотталды

Еңбекші ауданы прокуратурасымен талдау нәтижесінде 4 жыл ішінде дәлелді себепсіз 6 838 670 теңге соммасына алимент бойынша берешек төлемеген борышкер анықталды.

Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аудан прокуратурасымен 10.07.2024 жылы аталған факт бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осылайша прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді.

Exit mobile version