16-01-25 |
560 рет қаралған
Шымкентте ер адам дәрігерді балағаттағаны үшін жазаланды.
Шымкентте ер адам дәрігерді балағаттағаны үшін жазаланды

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында дәрігермен жанжал шығарған ер адамның ісі қаралды.

Соттың мәліметінше, ер адам поликлиникада медициналық қызметкерді балағаттап, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеуге ұласқан.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ол зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, соттан қатал жаза қолданбауды өтінді.

Кешірім сұрағанына қарамастан, сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.