Шымкентте ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды»,- делінген хабарламада.
Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.
Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Үкім заңды күшіне енді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024