05-01-25 |
1280 рет қаралған
Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталды.
Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталды

Прокуратура Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған.

«Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.