06-03-24 |
13160 рет қаралған
Шымкентте терроризмді насихаттағандар ұсталды.
Шымкентте терроризмді насихаттағандар ұсталды

Осы жылдың 6 наурызында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкентте екі тұрғын ұсталды.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы   1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.