arasha.kz

Шымкентте жалған ақша жасаушылар анықталды

April 26, 2022, Haian, Jiangsu, China: HAIAN, CHINA - APRIL 26, 2022 - A staff member counts US dollar notes at a bank in Haian, East China s Jiangsu province, April 26, 2022. The People s Bank of China (PBOC), the central bank, decided on Thursday to cut the foreign exchange reserve ratio (RRR) for financial institutions by 1 percentage point from the current 9 percent to 8 percent starting May 15, 2022, in a bid to improve their ability to use foreign exchange funds. (Credit Image: Global Look Press/Keystone Press Agency)

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған ақша жасаушылардың заңсыз қызметін әшкерледі.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға анықталған.

«Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұған дейін, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған болатын», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар.

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Exit mobile version