Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.
«Ол 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», -делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырды.
Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтаруға ниеті ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу ҚР ҚМА 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024