arasha.kz

Шымкентте жалған шот-фактура жазған компания директоры сотталды

Здание суда в Алматы, где рассматривалось дело о мошенничестве с недвижимостью

«A» ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп – жөнелтпей жалған шот-фактура жазған. Бұл туралы Шымкент қалалың прокуратурасы хабарлады.

Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.

Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді.

«Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады», – делінген хабарламада.

14.02.2025ж. сот үкімімен «A» ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Exit mobile version