arasha.kz

Шымкенттегі дендросаябақ басшылығы 14 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған

Шымкенттегі дендросаябақ басшылығы 14 миллион теңгеден астам жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

«14,7 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша департамент «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық паркі» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына және бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілер кінәларын толық мойындап, келтірілген шығынды өтегені көрсетілген.

Қалалық прокуратура қылмыстық істі сотқа берді.

Exit mobile version